КВАЗАРЛАР (ағылшынша «quasar – квазижұлдыздық радиосәулелер көзі») – электрмагниттік сәулелердің галактикадан тыс қуатты көздері; шалғайдағы галактикалардың активті ядролары болып табылады. 1960 жылы радиосәулелердің көрінерлік бұрыштық өлшемі өте кіші (10 секундтық – 1011) жұлдызға ұқсас (көрінерлік жұлдыздық шамасы ≈ 16–18 болатын) көзі ретінде ашылған. 1963 жылы американ астрономы Мартен Шмидт (1929 ж.т.) квазарлардың спектрлерінен қызыл ығысу спектрлерінің сызықтарының кездесетінін айқындаған. Квазарлардың көпшілігі қызыл ығысу және оның спектрлік сызықтарына сәйкес өте алыс (космологиялық) >200 Мпк (мегапарсек) қашықта орналасқан. Қазірге дейін 1500-ден астам квазарлар белгілі болған. Бұлардың арасында көптеген оптикалық басым бөлігінің радиосәулелері онша көп емес квазарлар кездескен. Квазарлар – Ғаламдағы сәуле шығаруы бойынша өте қуатты нысан болып табылады. Квазарлардың сәуле шығару (тарату) қуаты (жарқырауы) бүкіл диапазондардағы сәулелердің бәрін қосқанда 1046 – 1047 эрг/сек-қа жетеді. Квазарлардың энергия шығару аймағы ~1016 – 1017 см, яғни 1 пк (парсек) шамасында. “К в а з а р” атауы “квазижұлдыздық нысан (объект)” деген сөзден қысқартылған сөз. Осы нысандардың алыстығы ескерілетін болса, оның жарықтылығы бүтіндей бір Галактиканың (біздің Галактикамыздың) шығаратын жарықтануынан да күшті екені пайымдалған. Салыстырмалы түрде шағын Квазарлар
нысанның осынша көп энергия бөлуін түсіну қиын. Олар жарқырауын тез өзгер- теді және олардың энергиясының көпшілік бөлігі көлденеңі бірнеше жарық жылындай кеңістіктің аймағынан шығарылады (таралады). 1963 жылы біздің Галактикамыз-Құс жолынан бұрын белгісіз болып келген жаңа жұлдыз типі анықталған. Ол ЗС273 Квазар болып (Кембридж каталогында 3-нөмірді 273-нысан болып) белгіленген. Осы типтес жұлдыздардың қызыл ығысулары төтенше үлкен. Олардың қашықтау жылдамдығы көп жағдай жарық жылдамдығының жартысынан артық екен. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша квазарлар мен кейбір радиогалактикалар – нысандардың дамуының (эволюциялық) әртүрлі кезеңдері болып ықтимал делінуде.
Өзге бір көзқарас бойынша: ультракүлгін сәулені мол шығару бойынша әдеттегі жұлдыздардан, ал күшті инфрақызыл сәуле шығаруы бойынша ақ ергежейлі жұлдыздан айырмашылығы бар. Квазарлардың іргелі қасиеттеріне олардың радио-, инфрақызыл- және оптикалық диапазондардағы сәулелерінің айнымалылығы [ең аз уақыттық өзгерісі (вариациясы) τ~ 1 сағат]. Нысанның жарқырауы бойынша айнымалылығы сτ-дан артық бола алмайды, квазарлардың өлшемдері 4·1012 м (яғни Уран орбитасының диаметрінен кіші).
Квазарлардың активтілігінің (белсенділігінің) физикалық табиғаты әлі соңына дейін ашылмаған. Галактикалар ядроларының активті фазасы олардың “өмір сүру” уақытының салыстырмалы түрде аз бөлігін ғана құрайтын секілді, осындай фазалары ауық-ауық қайталанады деген болжал бар.
КВАЗИ… (латынша «куаси – еш нәрсе емес секілді, сияқты») – күрделі сөздің «секілді» «алдамшы», «жалған», «жорамал» тәрізді мәні бар алғашқы бөлігі.