
КВАДРУПОЛДІК СӘУЛЕ – сәуле шығарушы (таратушы) жүйенің электрлік квадруполдік моментінің уақыт бойынша өзгеруі себепті электрмагниттік толқындар шығаруы (таратуы). Магниттік квадруполдік моменттің өзгеруі кезінде пайда болатын сәуле магниттік квадруполдік сәуле немесе жай ғана магниттік сәуле деп аталған.