
ЖҰТЫЛУ КОЭФФИЦИЕНТІ – берілген дене жұтқан сәуле ағынының осы денеге түсетін сәуле ағынына қатынасы. Кемитін ағынның спектрі кең, тұтас болатын жағдайда, аталған қатынас интегралды жұтылу коэффициентін сипат- тайды; егер де кемитін жарық жиілігінің диапазоны тар болса, онда монохроматты жұтылу коэффициенті жайлы сөз болады. Энергияның сақталу заңы бойынша, жұтылу коэффициентінің, шағылу коэффициентінің және сәулені өткізу коэффициенттерінің қосындысы 1-ге тең болады. Заттың қасиетін сипаттайтын жұтылу көрсеткішінің жұтылу коэффициентінен айырмашылығы – жарық сүзіп өтетін қабаттың қалыңдығына, яғни дененің өлшеміне тәуелді болуында. Спектрскопияда кейде «жұтылу коэффициентін» жұтылу көрсеткіші деп те атайды.