
ЖЫЛУРЕЗИСТИВТІК ЭФФЕКТ (ағылшынша «resistive», латынша «резистере – қарсыласу» + эффект) – қатты өткізгіштің (металдың, жартылай өткізгіштің) деформациясы нәтижесінде электрлік кедергінің өзгеруі. Жылурезистивтік эффект жартылайөткізгіш деформация кезінде заряд тасушылардың энергетикалық спектрінің өзгерісімен байланысты әлгі жартылайөткізгіштерде ерекше үлкен: тыйым салынған зонаның енінің және қоспалық деңгейлердің иондану энергиясының өзгерісімен; өткізгіш зонаның жекелеген аңғарлары энергияларының салыс- тырмалы өзгерісімен; деформация жоқ кезде айныған кемтіктік зоналардың бөлшектенуімен; заряд тасушылардың эффективтік массаларының өзгерісімен байланысқан. Осылардың барлығы заряд тасушылардың концентрациясының және олардың эффектілік қозғалғыштығының өзгеруіне әкеледі. Деформация осыларға қоса заряд тасушылардың шашырау үрдістеріне фонондар спектрлерінің өзгерісі арқылы және жаңа ақаулардың пайда болуына ықпал етеді.