
Жану жылуы – отынның толықтай жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері (Дж немесе кал бірлігімен өлшенетін). Жану жылуы төменгі (отынның өзінде болатын немесе жану кезінде пайда болатын суды буландыруға шығындалған жылу есепке алынбайтын) және жоғарғы (егер жанудың соңғы қалдығында су кездесетін болса) жану жылуы деп аталған. Сонымен қатар м е н ш і к т і және к ө л е м д і жану жылуына да бөлінеді. Жану жылуы отынның химиялық құрамымен анықталады. Егер су бу түрінде кездесетін болса, онда жану жылуы т ө м е н г і, ал егер су және сутек отынның соңғы қалдығында (күлінде) кездессе, ол жану жылуы ж о ғ а р- ғ ы жану жылуы деп аталған.
Конденсациялық жылу – қаныққан будың конденсациялануы кезінде бөлінетін жылуы.
Қайнау жылуы – «б у л а н у ж ы л у ы» деген ұғыммен мағыналас.
Меншікті жылу – фазалық ауысу жылуының заттың массасына қатынасы.
Мольдік жылу – фазалық ауысу үрдісінде бөлінетін жылудың моль өлшеммен өрнектелген осы үрдіске қатысушы заттар мөлшеріне қатынасы.
Пайда болу жылуы – жай заттардан олардың стандарттық күйлерінде химиялық қосылыстардың пайда болуының жылулық эффектісі.
Сублимация жылуы – қысым және температура тұрақты болатын кездегі қатты денені сұйық күйге ауыстырмастан тікелей газтәрізді күйге ауыстыру- ға қажет жылу мөлшері. Заттардың масса бірлігінің сублимация жылуы м е н- ш і к т і сублимация жылуы (құрғақ айдау) деп аталған.
Фазалық ауысу жылуы – тепе-теңдік үрдісте заттардың масса бірлігінің бір фазадан өзге фазаға ауысуы үшін екі фазалы жүйеге берілуге қажет жылу мөлшері. Фазалық ауысу жылуы бірінші текті фазалық ауысудың сипаттық белгісі болады.