ЖЕР МАГНЕТИЗМІ

ЖЕР МАГНЕТИЗМІ, геомагнетизм – 1) Жердің магнит өрісі. 2) Геофизиканың Жер магнит өрісінің уақыт бойынша таралуы мен өзгерісін, сондай-ақ әлгілермен байланысты Жердегі және атмосферадағы физикалық үрдістерді (процестерді) зерттейтін саласы. Геомагниттік өріс кеңістіктің әрбір нүктесінде кернеуліктің векторымен (Т) сипатталады, мұның шамасы мен бағыты тіктөртбұрышты координаттар (сызбаға қараңыз) жүйесінде үш құраушымен (Х, У, Z) (солтүстік, шығыс және тік бағыттағы) немесе Жер магнетизмнің үш бөлігімен: кернеуліктің (Н) көкжиектік құраушысымен, магниттік ауысумен (D) (Н-пен және географиялық меридианның арасындағы бұрыш) және магниттік көлбеулігі (І) (Т-мен көкжиек жазықтығының арасындағы бұрыш) анықталады. Жердің магнит өрісінің болуы (негізгі немесе тұрақты өрістің үлесі ~99%). Жердің сұйық металдық ядросында өтетін үрдістермен (процестермен) (динамо-эффектісімен өткізгіш сұйықтың немесе газ плазманың қозғалыстары салдарынан магнит өрісінің өздік қозуымен) түсіндіріледі. Негізгі өрістің Жердің 3 радиусына тең шамалас биіктікте диполдік сипаты болады, одан артық биіктікте өріс едәуір күрделі болады (мысалы, магнитсферада). Жердің магниттік полюстері (Н = 0 болатын нүктелерде) географиялық полюстермен дәл үйлеспейді. Жердің 8·1025 (СГС бірлігінде)-ке тең диполдік магниттік моменті Жердің айналу осімен 11,5° бұрыш жасайды. Геомагниттік өрістің кернеулігі (Т) магниттік полюстерден бастап магниттік экваторға қарай (І

= 0 болатын сызықтарға) 55,7-ден 33,4 А/м (0,70тен 0,42 Э-ке дейін) кемиді. Негізгі магнит өріс тек ғасырлық баяу өзгерістерге (вариацияларда) ғана ұшырайды. Әрқилы геологиялық дәуірлерде геомагниттік өрістің полярлылығы әрқалай болған, яғни Жердің негізгі магнит өрісі жүздеген мың жылдан ондаған миллион жылға дейінгі кезеңде өзгеріске ұшырап отырған. Магнитсфера мен ионсферадағы токтар тудыратын айнымалы магнит өрісі (~1% шамасында) тұрақсыз. Амплитудалары 30–70γ және 5γ (1γ = 10–5 Э) сәйкес түрде

Жердің магнит өрісінің құраушылары

күн-тәуліктік және ай-тәуліктік магниттік вариция периодты түрде байқалады. Магнитсфераны айнымалы тығыздықты әрі жылдамдықты зарядты бөлшектердің күн желінің магнитсфераны айналып орағытып өтуі, сондай-ақ магнитсфераға бөлшектердің жарып өтуі магнитсфера мен ионсферадағы ток жүйелерін өзгеріске ұшыратады. Ток жүйелері өз кезегінде жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістікте және Жер бетінде кең диапазондағы жиілікте (10–5-тен 102 Гц жиілікке дейінгі) және амплитудалы (10–3-тен 10–7 Э-ке дейінгі) геомагниттік өріс тербелістерін тудырады. Магнитсфераның күшті ұйытқулары – магниттік дауылдар – Жер атмосферасының жоғарғы қабатында поляр шұғыласын, ионсфералық ұйытқуларды тудырады, рентгендік және төменгі жиілікті сәулелер шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *