ЖАСАНДЫ ЭЛЕМЕНТТЕР

ЖАСАНДЫ ЭЛЕМЕНТТЕР – әртүрлі ядролық реакциялар нәтижесінде алынған химиялық элементтер. Кейбір жасанды элементтер (технеций, прометий, астатин, трансуран элементтері) табиғи жағдайда кездеспейді, олар жасанды тәсілмен алынған. Жасанды элементтердің барлық изотоптары радиоактивті болғандықтан, оларды радиоактивті элементтер деп те атайды. Жасанды элементтер Менделеевтің периодты жүйесін толықтырып маңызын арттырумен қатар, атомның ішкі энергиясын іс жүзінде қолдану мүмкіндігіне тікелей жол ашты. 2013 жылға дейін 15 трансурандық жасанды химиялық элемент белгілі болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *