ЖАСАНДЫ РАДИОАКТИВТІЛІК

ЖАСАНДЫ РАДИОАКТИВТІЛІК – ядролық реакциялар нәтижесінде алынған изотоптардан байқалатын радиоактивтілік. Жасанды тәсілмен алынған атом ядроларының радиоактивтік құбылысы. Жасанды радиоактивтілікті 1934 жылы ерлі-зайыпты Фредерик (1900–1958) және Ирен (1897 – 1956) Жолио-Кюрилер ашты. Бұған дейін табиғи радиоактивтілік қана белгілі болатын. Жасанды радиоактивтілік пен табиғи радиоактивтілік арасында принципті айырмашылық жоқ, өйткені изотоптардың қасиеттері олардың түзілу тәсіліне тәуелді болмайды. Алайда позитрондарды (β+ ыдырау) шығару және электрондарды қармау үрдістері (процестері) тек жасанды радиоактивтілікте ғана байқалады.

Қазіргі кезде белгілі радиоактивті нуклидтердің (ядросында белгілі санды протондар мен нейтрондар болатын атомдар) жалпы саны ~2000-дай болса, солардың ~300-дейі ғана табиғи радиоактивті заттар екен, өзгелері ядролық реакциялар нәтижесінде алынғандар. Жасанды радиоактивтілікті зерттеу β-ыдыраудың позитронды β+ ыдырауын (Ирен және Фредерик Жолио-Кюрилер) және электрондық қармаудың ашылуына әкеп соқтырды.

Ядролық реакциялар нәтижесінде (мысалы, әртүрлі элементтерді α-бөлшектермен (альфа-бөлшектермен) немесе нейтрондармен сәулелендірілгенде яғни атқылағанда) радиактивті элементтердің табиғатта кездеспейтін изотоптары пайда болады. Қазіргі кезде белгілі барлық изотоптардың көпшілігін жасанды радиоактивті элементтер. Ирен мен Фредерик Жолио-Кюрилер массалық саны 27 алюминийді α-бөлшектермен сәулелендірілгенде ақтық (соңғы) «өнімі» массалық саны 30 болатын фосфордың радиоактивті изотопы пайда болатын ядролық реакцияны жүзеге асырған. Радиоактивті фосфордың изотопының позитрон шығаратыны анықталған. Радиоактивтіліктің осы түрленуі β+ (бета плюс) = ыдырау [β- (бета минус) = ыдырау электрон шығару (тарату) болып есептеледі].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *