ЖАРЫҚ РЕФРАКЦИЯСЫ

ЖАРЫҚ РЕФРАКЦИЯСЫ (латынша «рефрактус – сындырылған»), к е ң м а ғ ы н а д а – жарықтың сынуы, яғни жарық сәуле өтетін ортаның сыну көрсеткішінің (n) өзгерісі кезіндегі жарық сәуленің таралу бағытының өзгеруі. Көбінесе «жарық рефракциясы» ғылыми атауымен сыну көрсеткіші (n) бір нүктеден екінші нүктеге дейін n біртіндеп (жатық) өзгеретін ортадағы оптикалық сәулелерді сипаттау (мұндай орталарда жарық сәуленің траекториясы – бірте-бірте иілетін сызықтар болады), ал «сыну» деген ғылыми атаумен көбінесе әртүрлі сыну көрсеткіші (n) болатын біртекті екі ортаның ажыратылу шекарасындағы сәулелер бағыттарының кенеттен өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылады. Атмосфералық оптикада, дәстүрлі көзілдірік оптикасында және көз оптикасында «рефракция» ғылыми атауы пайдаланылады.

ЖАРЫҚ СЕЗГІШТІК – материалдардың жарықтың әсері және соңынан химиялық өңдеу нәтижесінде кескін (бейне) түзу қасиеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *