ЖАРЫҚ МОДУЛЯЦИЯСЫ, оптикалық сәуле модуляциясы – оптикалық сәуленің тербелістерінің амплитудасының (қарқындылығының), жиілігінің, фазаларының немесе полярлануының уақыт бойынша берілген заңы негізінде өзгерту. Оптикалық сигналдар арқылы ақпарат тарату немесе белгілі бір параметрлі жарық ағындарын тудыру үшін қолданылады. Қандай сипаттаманың өзгертілуіне тәуелді түрде амплитудалық, фазалық, жиіліктік немесе полярланған модуляцияларға ажыратылады. Сәулені қарапайым таратқыштар (атомдар, иондар) шығарған кезде жарықтың табиғи модуляциясы пайда болады; фотондардың осындай сәуле таратқыштарды шығару тәуелсіздігі және осы фотондардың жиіліктерінің әртүрлі болуы сәуленің жиіліктер жиынтығының болуына әкеп соқтырады және амплитуда бойынша ұйытқуларға ұшыратады, яғни амплитудалық-жиіліктік модуляцияланған болып табылады. Табиғи жиіліктік жарық модуляциясы молекулаішілік тербелістердегі жарықтың серпімсіз шашы- рауы (жарықтың комбинациялық (шашырауы) және конденсацияланған орталардағы серпімді толқындарда да (Мандельштам – Бриллюэн шашырауы) пайда болады. Осы екі жағдайда да шашыраған жарықтың құрамында түс- кен жарықтың жиілігінен айырмашылығы болатын жиілік те болады.
Оптикалық сәуле көзінің өзінде тікелей пайда болатын жарық модуляциясы – ішкі жарық модуляциясы, ал сәуле параметрлері жарық көзінен шыққан соң м о д у л я т о р арқылы өзгертілетін жарық модуляциясы – сыртқы жарық мо- дуляциясы деп аталған. Жарық модуляциясы жарық ағындарының әрқилы орталарда таралуы кезінде өтетін физикалық эффектілер электроптикалық, магнитоптикалық, серпімдіоптикалық эффектілер негізінде де жүзеге асырыла- ды. П о к к е л ь с э ф ф е к т і с і н е негізделген жарық модуляциясы кең тарал- ған. Керр эффектісіне негізделген жарық модуляциясы бар. Магниттік оптикалық эффектілердің арасында көп қолдау тапқаны Фарадей эффектісі болды (мөлдір заттардағы).
Лазерлердің пайда болуы ішкі жарық модуляциясын қарқынды дамытты. Бұл модуляция лазердің параметрлерін өзгерту есебінен когерентті сәулені басқаруға негізделген. Осы жағдай лазердің оптикалық резонатордың ішінде орналастырылған көптеген құрылғылары сыртқы модуляторлар ретінде пайдаланылды.
Жарық модуляторлары техникада және ғылыми зерттеулерде, мысалы, оптикалық байланыста, есептеу техникасында қолданылуда.