
ЖАРЫҚТЫҢ ӨЗДІК ФОКУСТАЛУЫ
– жарық өрісінің қарқындылығының өсуіне орай сыну көрсеткіші n артатын сызықтық емес ортада жарық толқынының энергиясының шоғырлануы. Сызықты емес орта жарық шоғының (кеңістіктік шектелген жарық толқыны) әсерінен оптикалық біртексіз орта болып, онда сәуленің қисық сызықты таралуы (сызықты емес рефракция) пайда бола-
ды. Егер (n) сыну көрсеткіші электр өрісінің кернеулігінің (Е) өсуіне байланысты артатын болса, онда сәулелер иіліп қарқындылығы үлкен аймаққа шоғырланады – орта көлемдік жинағыш сызықтық емес линза болады,
оның фокусы шоқтың ортаға енетін тұсынан
Сәулелер траекториялары: а – жа-
fce қашықтықта орналасады (сызба, а). рық шоғының кәдімгі линзамен фо- Жарықтың өздік фокусталуы кезінде қуатты кустау (тоғыстау) кезіндегі траек- ториясы; б – сызықтық емес ор-
қарқындылықтың бірінші фокусынан кейін тадағы өздік фокустау кезіндегі; в – екінші фокусының, одан соң тағы басқа сызықтық емес диэлектрлік тол-
қын өткізгіштегі фокусталу траек-
фокусының, яғни көп фокусты құрылымның ториясы
пайда болуы мүмкін. Ток көзінің қуаты артқан сайын фокустар саны артады және олар сызықты емес ортаға ену тұсына қарай жақындайтын болады (сызба, б).
Кризистік қуатты тасушы шоқ сызықты емес ортада өз пішінін сақтайды, ол тұрақты диэлектриктік толқынөткізгішке айналады (сызба, в). Егер жарықтың қарқындылығының артуына байланысты ортаның сыну көрсеткіші кемитін болса, онда өздік фокусталуға кері құбылыс өздік фокусталуы (тоғысталуы) болмайтын, шашырауға ұшырайтын жағдай (дефокусировка) пайда болады. Жарық шоғына перпендикуляр бағытта қозғалатын сызықтық емес ортада (сұйықтың және газдың конвекциялық ағынында, т.б.) жарықтың берілген бағыттан өздік ауытқуы пайда болады.
Жарықтың өздік фокусталуын 1962 жылы Г.Аскарьян теория жүзінде алдын ала болжаған, оны алғаш рет байқаған Н.Пилипецкий мен А.Рустамов болды (1965). Жарықтың өздік фокусталуы және ондай фокусталу болмайтын жағдай конденсацияланған орталарда және газдарда (ауада және плазмада да) байқалады.