
ЖАРЫҚТЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ЭКВИВАЛЕНТІ (латынша «екваленс – маңызы бірдей, бірдей бағалы») – сәуле ағынының ондағы жарық ағынына қатынасы. «Жарықтың механикалық эквиваленті» ұғымы әдетте жарық диапазонында жататын монохроматты сәулеге қатысты қолданылады. Осы ұғымға кері ұғым жарықтың эффектілігі деп аталған. Жарықтың механикалық эквиваленті жарық толқынының ұзындығының (λ) функциясы болып табылады және толқын ұзындығы λ ≈ 555 нм (нанометр) болған кезде ол 0,00146 Вт/лм (Ватт/люмен)-ге тең болады.