ЖАРЫҚТЫҢ ПОНДЕРМОТОРЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ

ЖАРЫҚТЫҢ ПОНДЕРМОТОРЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ (латынша «пондус – салмақ, ауырлық» + «мотор – қозғалтамын») – оптикалық жарықтың денелерге, бөлшектерге немесе жеке атомдарға және молекулаларға тигізетін механикалық әсерлері. Жарық өзі сәулелейтін денеге (жарықтың қысымын) немесе оны шығарушы денеге [(жарықтың дүмпуін (тебуін)] импульс (қозғалыс мөлшерін) және қозғалыс мөлшерінің моментін береді (С а д о в с к и й  э ф ф е к т і с і). Жарық өрісі электр өрісінің кернеулігімен сипатталатын болғандықтан жарықтың пондермоторлық әсерлерін кері пъезоэлектрлік эффектіге, лазерлік сәуленің ықпалымен пайда болатын электрстрикцияға жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *