ЖАРЫҚ ДИСПЕРСИЯСЫ.

ЖАРЫҚ ДИСПЕРСИЯСЫ (латынша «дисперсио – шашырату») – заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне (v) [не толқын ұзындығына (λ)] тәуелділігі; жарық толқындарының фазалық жылдамдығының оның жиілігіне тәуелділігі. Жарық дисперсиясының салдарынан ақ жарықтың призма арқылы өтуі кезінде спектрлерге жіктеледі. Осы спектрді зерттеу арқылы 1672 жылы ағылшын физигі Исаак Ньютон (1643–1727) жарық дисперсиясын ашқан. Спектрдің берілген аймағы үшін мөлдір денелерде жарық толқындарының жиілігі (v) артқанда (λ кемігенде), сыну көрсеткіші n де артады, n-нің λ-ге тәуелділігі байқалатын құбылыс қ а л ы п т ы жарық дисперсиясы деп аталған.

Әртүрлі жиілікпен таралатын жарық толқындары белгілі бір ортада (зат ішінде) түрліше фазалық жылдамдықпен тарайды. Призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы түрлі түсті спектрге жіктеледі. Жеті түстен құралған бұл спектрдің е ң  к ө б і р е к  а у ы т қ и т ы н ы және е ң  қ ы с қ а  т о л- қ ы н д ы с ы  (ж и і л і г і  ү л к е н і) – к ү л г і н  с ә у л е,  ал  е ң  а з  а у ы т қ и- т ы н ы және е ң  ұ з ы н  т о л- қ ы н д ы с ы – қ ы з ы л  с ә у л е.

Классикалық түсінік бойынша атомдардың немесе Ақ жарық молекулалардың электрондары жарық толқындарының электр өрісінің әсерінен келіп түсетін

толқындардың жиілігіне тең Призма арқылы ақ жарықты түрлі түстерге жіктеу

жиілікпен е р і к с і з  т е р б е л е д і. Жарық толқынының жиілігі электрондардың өздік тербелісінің жиілігіне жақындаған кезде жарықтың жұтылуы себепші болатын р е з о н а н с құбылысы пайда болады. Тербелістердің өздік жиіліктерінің болуы сыну көрсеткішінің (n) жиілікке (v) тәуелділігіне әкеп соғады, осы тәуелділік жарық дисперсиясының бүкіл үрдісін көрсетеді. Кванттық теория негізінен классикалық түсінікті қолдады. Кванттық теория қоздырылған күйлердегі атомдар санының едәуір артық болатын жағдайларындағы жарық дисперсиясын түсіндірді.

Аномалді жарық дисперсия – жарықтың толқын ұзындығының кемуіне байланысты заттың сыну көрсеткішінің кемуі.

Дыбыс дисперсиясы – синусоидалы дыбыс толқындарының фазалық жылдамдығының толқындар жиілігіне тәуелділігі.

Толқындар дисперсиясы – синусоидалы толқындардың фазалық жылдамдығының толқындар жиілігіне тәуелділігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *