ЖАЗЫҚТЫҚ

ЖАЗЫҚТЫҚ – біркелкі тегіс бет.

Кристалдардың бас жазықтығы – кристалдың ішінде жүргізілетін оптикалық ось және жарық толқынының фазалық жылдамдығының бағыты арқылы өтетін жазықтық.

Оптикалық жүйенің бас жазықтықтары – сызықтық ұлғаюы 1-ге тең оптикалық жүйенің түйіндес жазықтықтары.

Оптикалық жүйенің түйіндес жазықтықтары – зат орналасқан және оның кескіні орналасқан жазықтық.

Оптикалық жүйенің фокустық (тоғысу) жазықтықтары – оптикалық жүйенің бас фокусы арқылы осы жүйенің бас оптикалық осіне перпендикуляр өтетін жазықтықтар.

Полярлану жазықтығы – жарық толқындарының электрлік векторының тербеліс жазықтығы.

Сырғанау жазықтығы – кристалл қабаттарының пластикалық деформация кезінде бір-біріне қатысты параллел ығысу жазықтығы.

Тербелістер жазықтығы – көлденең толқынды сипаттайтын осы толқынның жылдамдық векторының бағыты және тербелмелі физикалық шаманың векторы арқылы өтетін жазықтық.

Фокустық (тоғысу) жазықтық – идеал оптикалық жүйенің фокустары орналасқан осы жүйенің осіне перпендикуляр жазықтық.

Фазалық жазықтық – бір еркіндік дәрежесі болатын динамикалық жүйенің күйімен анықталатын нүктелер координаттарының жазықтығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *