
ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕР – кез келген жүйеде сыртқы ауық-ауық (периодты) әсер ететін күштер (мысалы, айнымалы магнит өрісі әсерінен телефон мембранасының тербелістері, айнымалы жүктеменің әсерінен құрылымның механикалық тербелістері) әсерінен туатын тербелістер. Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштермен де, сол секілді жүйенің өзінің қасиеттерімен де анықталады. Периодты әсер ететін сыртқы күштердің сипаты алғашында уақытқа сәйкес өзгереді, еріксіз тербелістер сипаты, белгілі бір уақыт өткен соң ғана жүйеде сыртқы күштердің периодына тең еріксіз тербелістер орнығады (орныққан еріксіз тербелістер). Дербес жағдайда,
жүйенің меншікті жиілігіне жуықтау жиілікті Еріксіз тербелістердің орнығу графигі сызықтық тербелісті жүйелерде сыртқы күштерді қосқан кезде, жүйеде бір мезгілде меншікті (еркін) тербелістер пайда болады және еріксіз тербелістердің амплитудалары алғашқы сәтте тең, ал фазалары қарама-қарсы болады (сызбаға қараңыз). Меншікті тербелістер біртіндеп өшкен кезде жүйеде тек орныққан еріксіз тербелістер ғана қалады. Сол себепті осы жүйедегі меншікті тербелістердің өшуі (сөнуі, тоқтауы) қаншалықты үлкен болса, тербелісті жүйедегі еріксіз тербелістер соншалықты тез орнығатын болады. Еріксіз тербелістердің амплитудасы әсер етуші күштің амплитудасымен және жүйенің өшуімен анықталады. Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған кезде еріксіз тербелістердің амплитудасы кенеттен артып, резонанс басталады.