ДЫБЫС

ДЫБЫС – кең мағынада, газ тәрізді, сұйық немесе қатты орталарда серпімді толқындар түрінде таралатын серпімді орта бөлшектерінің тербелмелі қозғалысы. Тар мағынада адам және жануардың есту мүшесі арқылы субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Адам 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды ғана ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20000 Гц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғарғы жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Іс жүзінде инфрадыбыс жиіліктерінің аймағы төменгі жағынан шектелмеген. Серпімді толқынның ұзындығы газдағы молекулалардың еркін жолының ұзындығынан едәуір үлкен, сондай-ақ сұйықтар мен қатты денелердің атомаралық қашықтығынан да артық болуы тиіс. Сондықтан ауада 109 Гц және одан да жоғары, ал қатты денелерде 1012 – 1013 Гц-тен жоғары жиіліктегі гипердыбыс тарай алмайды.

Дыбыстың қарапайым гармониялық тербелістерге (дыбысты жиіліктік талдауда) жіктеу нәтижесінде алынатын оның спектрі дыбыстың маңызды сипаттамасы болады. Есту бойынша қабылданатын негізгі жиілік – дыбыстың жоғарылығын, ал гармониялық құраушылардың негізгі жиілігі – дыбыстың әуезділігін (тембрін) анықтайды. Дыбыстық тербелістің энергетикалық сипаттамасы дыбыстың қарқындылығы болып табылады, бұл дыбыстық қысым- ның амплитудасына, сонымен қатар ортаның өз қасиеттеріне және толқындар- дың пішіндеріне тәуелді болады. Дыбыстың субъективтік (қосымшалық) сипаттамасы дыбыстың қатты естілуі болып табылады, бұл жайт жиілікке тәуелді. Адамның құлағының ең жоғарғы сезгіштігі 1 – 5 кГц жиілік аймағына сәйкес болады.

Жергілікті қысымды немесе механикалық кернеуді өзгерте алатын кез келген құбылыс дыбыс көзі бола алады. Тербелмелі қатты денелер (мысалы, дыбысзорайтқыштың диффузоры, телефонның мембранасы, музыкалық аспаптардың ішектері); ультрадыбыс диапазонындағы жиіліктерде пъезоэлектрлік материалдар, т.б. дыбыс көздері көп таралған.

Дыбыс толқындарының таралуы бірінші кезекте дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Кейбір жағдайларда дыбыс жылдамдығының дисперсиясы, яғни жылдамдықтың оның таралу жиілігіне тәуелділігі байқалады. Дыбыстық толқындардың таралуы кезінде дыбыстың біртіндеп өшуі орын алады, яғни оның қарқындылығы мен амплитуда- сы кемитін болады, бұл жайт негізі- нен дыбыс энергиясының өзге түрге ауысуына байланысты дыбыстың жұ- тылуының нәтижесі болып табылады. Толқындардың үлкен амплитудамен таралуы кезінде толқынның синусои- далық пішіні бірте-бірте бұрмаланып

(ауытқып), соққы толқынының піші-

Дыбыс көздері: а – камертон; б – сфералық

ніне жуықтайтын болады.             дыбыс толқыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *