ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАМЕРА – зарядты бөлшектердің тректерін (іздерін) Вильсон камерасындағыдай бақылауға арналған аспап. Бұл камерадағы тректер спирттің аса қаныққан буының сұйық тамшыларынан түзіледі, бұлардың асақанығуы камераның ыссы қақпағынан шығатын (таралатын) ағынның камераның түп жағындағы едәуір салқын қақпағына қарай үздіксіз бағытталған ағыны есебінен пайда болады. Диффузиялық камераның Вильсон камерасынан айырмашылығы ондағы асақанығу тұрақты түрде (диффузиялық камераның бірқатар қабаттарында) ұсталады, сол себепті диффузиялық камера зарядталған бөлшектердің иондарын үздіксіз «сезетін» болады. Бұл камераны 1936 жылы
американ физигі А. Лангсдорф ойлап тапқан.