
Амбиполярлық (екіжақтылық) диффузия – плазмада немесе электролитте жүзеге асатын қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бір бағыттағы бірлескен диффузиясы.
Спиндік диффузия – Кюри температурасының маңайындағы ферромагнетиктің немесе Неель температурасының маңайындағы антиферромагнетиктің артық магниттелушілігінің диффузиялар заңы бойынша жүзеге асырылып үлестірілуі.