ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ТОР

ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ТОР – жүйелі түрде тұрақты орналасқан көптеген бөліктерден құралған, периодты түрде қайталанбалы құрылымды жарық дифракциясы түзілетін (мысалы, жазық немесе иілген оптикалық бетке параллель және бірдей қашықтықта орналасқан штрихтар салынған) оптикалық бөлік. Берілген дифракциялық тор үшін белгілі штрихты пішін бірдей аралықта (d) қайталанатын болса, ол аралық период деп аталған (1-сызба). Дифракциялық тордың негізгі қасиеті – өзіне түсетін жарық шоғын толқындар ұзындықтары бойынша топтан ажыратады, сол себепті дифракциялық тор спектрлік құрылғыларда қатты денелер мен сұйықтарды қоршаған ортада дисперстік жүйе түзуге әкеп соқтыратын өте ұсақ бөлшекке ұнтақталушы бөлік ретінде пайдаланылады. Егер штрихтар жазық бетке салынған болса, онда дифракциялық тор Дифракциялық тордың бейнесі жазық, егер иілген бетке салынса (әдетте сфералық)  – иілген дифракциялық тор деп аталған. Дифракциялық торлар шағылдырғыш және мөлдір дифракциялық торларға ажыратылады. Шағылдырғыш дифракциялық торда штрихтар айналы бетке (әдетте металл) салынады және шағылдырғыш жарықта бақыланады. Мөлдір дифракциялық торда штрихтар мөлдір пластинканың бетіне салынады да өтетін сәуле арқылы бақыланады. Қазіргі кездегі спектрлік аспаптарда негізінен шағылдырғыш дифракциялық торлар пайдаланылуда. Мөлдір дифракциялық тордың әрекетін қарастырайық. Ені b саңылаулардан құралған, мөлдір емес аралықтармен бөлінген дифракциялық торға монохроматты параллель, толқын ұзындығы λ жарық шоғы α бұрышпен түсетін болса, әр саңылаудан шығатын толқындардың интерференциясы пайда болады. Экранға фокусталып (тоғысталып) түсірілгенде максимумдар түзіледі.

ХХ ғасырдың 70-жылдарында лазерлік сәуленің интерференциясының нәтижесінде арнайы фотосезгіш материалдарда (фоторезисттерде) қарқындылықты периодты таратуға негізделген дифракциялық тор құраудың жаңа технологиясы жасалған болатын. Осы дифракциялық тор – г о л о

г р а ф и я л ы қ  д и ф р а к ц и я л ы қ  т о Саңылаулардан құралған мөлдір дифрак-

циялық торлар арқылы спектрлер түзудің

р деп аталды. Оның сапасы жоғары болды (шығарудың) сұлбасы және көзге көрінетін ультракүлгін сәулелер аймағында қолданылды. Дифракциялық тор тек спектрлік аспаптарда ғана емес, сызықтық оптикалық датчиктерде және бұрыштық орын ауыстыру (өлшеуіш дифракциялық тор), полярлауыш және инфрақызыл сәулелер сүзгілері, интерферометрлерде шоқтар бөлгіші ретінде, т.б. пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *