
Газдық динамика – гидроаэромеханиканың сығылатын газдардың және плазманың қозғалысы және бұлардың қатты денелермен өзараәсерлесуін зерттейтін саласы.
Релятивитік динамика – механиканың жарықтың вакуумдағы жылдамдығына жақын шапшаңдықтағы денелердің қозғалысын зерттейтін саласы.
ДИНАМО, гидромагниттік – электрөткізгіш сұйықтың немесе плазманың қозғалыстарының салдарынан магнит өрісінің өздігінен қозуы.
ДИНАМО… (грекше «динамис – күш») – «күш» деген сөзге сәйкес келетін қосымша, мысалы, динамометр.
ДИНАМОМЕТР (грекше «динамис – күш»+метр) – күш өлшегіш – күшті немесе күш моментін өлшеуге арналған аспап.
ДИНАМО-ЭФФЕКТ, гидромагниттік динамо – өткізгіштік сұйықтың немесе газ плазмасының қозғалысының салдарынан магнит өрістерінің өздік қозуы.
Сұйық ядролы Жердің, Күннің және жұлдыздардың магнит өрістерінің пайда болуын және оларды сүйемелдеуді түсіндіру үшін динамо-эффектінің маңызы бар.