СИНКОПА
Синкопа (грек. syncope — қысқару) – негізінен жабысыңқы (шұғыл) дыбыстардың әсерімен сөз ішінде бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы. Мыс.: тағылым – тәлім, бағана – мана, суғару – суару, тарихи: еге – ие, әлік/елік – елі (бір елі, екі елі), т.б.. Адамның дене мүшесінің атауы ретінде қолданылатын қабыртқа сөзінің құрамындағы т дыбысы түсіп қалып, қабырға болып айтылады.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012