РЕДУКЦИЯ
Редукция (лат. reduktio – қайта оралу, кейін ысыру) бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Редукцияға негізінен қысаң дауыстылар ұшырайды. Қазақ тіл білімінде әдетте редукцияға орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты сөздердің құрамындағы қысаң дауыстылардың түсіп қалуын жатқызады. Тек дауыстының сандық, сапалық жақтан әлсіреуіне назар аударады. Оның өзі алдымен екпінге қатысты делінеді.
С.Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 2004.