
Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.
Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұларға мазмұны хтистиан, манихей, будда дініндегі түрлі жалбарыну дұғалары, діни уағыздар, түрлі заң документтері мен емдеу шіріткілері, жылнамалар, болжаулар жататыны. Ұйғыр жазуының кеңінен пайдаланған кезеңі(ҮІІІ-ХІІІғғ), таралу алқабы. Ұйғыр алфавиті негізінде монғол жазуының пайда болуы. Ақсақ Темір және Алтынорда хандарының бұл жазуды қолданғаны(14-15ғғ). Ганьсудағы будда монострьлеріне ұйғыр жазуының ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүргені. Қазақстаннан табылған ұйғыр алфавитіндегі түркі жазулары.
Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Көне түркі тіліне жақындығы, орта түркі тіліне тигізген әсері.
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері қыпшақ рулары мен тайпалары, сол тайпалар одағына біріккен басқа да түркі халықтарының тілінде ХІ-ХVI ғ-да жазылған шығармалар. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері жалпы алып қарағанда, 4 түрлі әліпбимен жазылған: ескі араб, ескі армян, ескі орыс және ескі готикалық әліпби. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің материалдары негізінен М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит –турк» сөздігіне қатысты зерттеулерде, Еуропа ғалымдарының кумандар туралы жазылған тарихи, лингвистикалық еңбектерінде, орыс хроникаларының, жылнамалары мен деректерінің половецтер туралы мәліметтері мен жер-су, адам аттарына байланысты сақталған еңбектерде, араб авторларының мәмлүк қыпшақтарының тіл материалдары бойынша жазылған наихаттар мен филологиялық зерттеулерінде (грамматика, қыпшақша-арабша сөздік, анықтағыш т.б.), армян авторларының хроникалары мен іс-қағаздарында, трактаттар мен сөздіктерінде, қыпшақ тілдерінде жазылған дастандар мен прозалық көркем туындыларда сақталған. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері екі түрлі тілде жазылған: жалпы түркі жазуларына ортақ әдеби тілде және қарапайым халықтың ауызекі сөйлеу тілінде. Бірінші топқа жататын көркем шығармаларды ішінара екі топқа бөлуге болады: дәстүрлі– тарихи әдеби тілде жазылған еңбектер және жергілікті халық тілі негізінде жазылған Орта Азия мен Еділ бойларының (Алтын Орда) ескерткіштері. Олар: Рабғузидің «Қиса-ул- әнбиясі», Құтыбтың «Хұсрау мен Шырын», Рауанидің «Мухаббатнамасы», Әлидің «Нахдж –ул –Фарадисі», С.Сараидің «Гүлистан бит-түркиі», Сади Ахмедтің «Ташшұқнамасы», Хорезмидің «Тәржіма Шаһнамасы», Ахмет Йүгінекидің «һибату -л-хақайығы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл-кулуб», «Оғызнама», «Рахат-әл кулуб», «Миражнама», «Тефсир» т.б. шығармалар. Ал жергілікті халық тілінің негізінде жасалған әдеби тілде Қожа Ахмед Йассауидің «Хикметі» және осы ғұламалардың жолын қуған діруәш ақындардың шығармалары тараған. Қыпшақ тайпаларының ауызекі сөйлеу тілінің материалдары негізінде жазылғандар: «Диуани лұғат-ит-түрк», «Кодекс куманикус», «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» (Абу Хайан), «Китаб булғат әл-мүштақ фи-л-лұғат ит-түрки» (Жамаладдин -ат –Түрки), «Әл-кауанийна-әл-куллийа ли-дабт әл-лұғат-ти-түркийа», «Хуласа», — «Мани-ул-фузат», «Китаб ад-дағуа» т.б. Армян қыпшақтарының тілінде жазылған дін трактаттар мен грамматикалық анықтамалар, армянша-қыпшақша сөздіктер, кеңсе қағаздары, тарихи жазбалар т.б. осы топқа жатады. Бұлардың ішінде әр тілге ( түрік, неміс, француз, венгр, поляк) аударылып, басылып шыққандары бар, әлі де болса жарық көрмей, қолжазба күйінде сақталғандары да кездеседі (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Вена, Париж, Краков, Стамбул, Варшава, Берлин, Анкара), Мәмлүк қыпшақтарының тілінде 10 шақты грамматикалық, лексикалық, лексико-грамматикалық еңбектер туған( онда 11мың реестрлік сөз бар). Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің басым көпшілігі қыпшақ тілінің негізінде жазылып, кейбіреулері оғыз тілінің әсеріне ұшыраған (Мәмлүк мемлекеті мен Орта Азия аймағында жазылған мұралар) немесе оғыз тілінің негізінде, қыпшақ тілінің ықпалына түскен (Хорезм өлкесінде жазылған нұсқалар). Қайсібір жазбалар аталған тілдерге бірдей ортақ. Енді бір топ ескерткіштер қарлұқ тобындағы тілдермен астарлас. Ескі қыпшақ жазба ескерткіштер тілінің бірнеше диалектикалық ерекшеліктерге бөлінуі де мүмкін, олар әлі зерттеліп, анықталмаған. Орта ғасырда жасалған қыпшақ тайпаларының сөйлеу тілі мен әдеби нұсқасын, олардың тарихи тамырын және қазақ тілінің жалпыхалықтық тіл болып қалыптасу тарихын танытудаЕскі қыпшақ жазба ескерткіштерінің маңызы зор.
Әдебиеттер:
- Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б
2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б
- Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
- Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
- Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 2009. -496 б.
Қосымша:
- 6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б
- 7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699