Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері

Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері.

Бұл қолжазбалардың көбіне соғды(орта парсы) тілінен аударылып, Жетісудан Шығыс Түркістанға қарай жайылуы. Олардың батыс түркі тайпалардың тіліне

Жақындығы. «Хуастуанифт» жазба ескерткіштері(Ү-ҮІІІғғ).

          Манихей алфавитінің құрамы(36 әріп), графикалық жүйесінің көне түркі фонетикасына біршама сәйкес келуі. Дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптер.

Әріптердің сөз басында, ортасында, соңында келуіне қарай, үш түрлі жазылуы.

Манихей алфавитінің шығу тегі, арамей жазуымен байланысы.

Қазақстанда жазу мәдениетінің алғашқы белгілерінің пайда болуын тарих ерте кезеңдерге жатқызады. Яғни қазақ біртұтас халық болмай тұрып-ақ тайпалар жазуды білген. Кейіннен жазу мәдениеті елдің қажеті мен хандық биліктің керегіне байланысты дами түседі. Жазудың алғашқы көрінісі — іс қағазы, елшілік қатынас, хандар жарлығы мен хаты, грамоталары, ру, ата-баба шежірелері, діни уағыз, өсиет-нақылдар кітабы, құлпытасқа түсірген жазу өлеңдері.

Орхон-Енисей-Талас тас жазулары арқылы бізге жеткен түркі жазуынан кейін Орта Азияда арамей жазуы негізіндегі тағы бір жаңа жазу пайда болған. Оны IX—X ғасырларда Орта Азиядағы түркі тайпаларына Сириядан қоныс аударған соғдалар таратқан. Қарахан мемлекеті бұл жаңа жазуды араб алфавитімен толықтырып, қолдана бастайды. Бұл — көне түркілердің орта ғасырда қолданған ортақ жазбасы, түркі әдеби тіліне негіз болған жазу. Оны қазіргі ұйғырлардың ғана ескі жазу үлгісі деп түсіну бір жақты болар еді. Себебі «Ұйғыр алфавиті», «Ұйғыр жазуы» өзінің ең ескі (Тан империясына қараған тұстағы қалпында, сол кездегі Тұрпан ұйғыры атты кішігірім ұлыстар қолданған қытай иероглиф негізіндегі жазу емес. Оны қарахандық дәуірінде дамыған қадым түркімен шатыстыру жол емес. Түркілердің ортағасырлық жазуының бірін «Шағатай тілді» деп те атайды. Бұлардың екеуі де бір ғана ұйғырдың меншігі емес. Қазіргі көптеген түркі халықтары қолданған ортақ жазбалар.

Осыған орай ондай түсініктегілер Махмұд Қашғари сөздігін де, «Оғыз нама», «Махаббат нама» ескерткіштерін, Жүсіп Баласағұни дастанын тек бір халыққа — ұйғырларға танғысы келеді. Тек ұйғырлық құбылыс деуге дейін барып жүр. Орта Азия түркілердің жазу тарихын зерттеу, олардың мәдени ескерткіштерінің ортақ негіздерін айқындаудың нағыз ғылыми жолын кейінгі түркітанушылар күн санап таныту үстінде. Соңғы жылдары одақ көлемінде жарық көріп жатқан зерттеулер осының айғағы бола алады.

Жазу мәдениетінің орта ғасырлық ерте үлгілерінің бірі — өсиет, нақыл ретінде келетін жазбалар мен атадан балаға қалып отыратын тарихи шежіре кітаптары. Мұнда жазбалар ірі ақсүйектердің киелі мүлкі саналып, ұрпақтарына мирас боп қалып отырған. Осы шындықты академик Ә. Марғұлан өз еңбегінде келтірген деректерінде де растайды. Ол — Жетісу тайпаларындағы жазба әдебиет дәстүрі ерте, VII ғасырда көріне бастады, жұрт қолында әрқашан бірнеше дана тарихи жазбалар болды… нақыл кітаптарын қалдырып отырады, сөйтіп, әдеби білім үздіксіз жалғаса береді,— дейді.

Жетісу жерінен табылған Тоқтамыс пен Темірдің „Құтанға жарлықтары» да академик В. Радловтың айтуынша ежелгі қазақ руларына таныс болған,

«Араб, парсы, түркі әдеби тілдерін (IX—X ғасыр),— деп жазды Е.Бертельс,— Орта Азияда бөлек-бөлек жасаған жоқ. Олар, керісінше, түркі жүйелі (системалы) тілдерге ортақ біртұтас әдебиет жасады. Олардың тілі ғана үш түрлі болған-ды…» Сонымен, XI—XII ғасырлар әдебиетін қарастыру бізге Орта Азия елдерінің бір бөлігінде парсы тілі әдеби тілі, екіншісінде түркі тілі әдеби болғанын, бұлардың шығыс бұтағы қарахандықтар және батыс бұтағы оғыз-қыпшақтар екенін айта келіп, XI ғасырдан бастап түркі тілінің маңызы артады деп көрсетті.

Біз Е. Бертельс пікірін қостай отырып, ертедегі жазба ескерткіштердің бәрі бірдей қазаққа ғана тән туындылар деуден аулақ екенімізді де ескертеміз. Оларды біз орта ғасырдағы түркі тектес халықтарға ортақ мұра деп танимыз. Сол ескерткіштердің жазба мәдениетіміздің ортақ кезіндегі күйін, түпкі төркінін түсінуге көмегі барын ғана айтамыз.

Түркілер жазуының өркендеуі жолында, олардың мұсылман дінін қабылдаулары, мұсылман мәдениетіне көшуі үлкен әсер еткен. X—XII ғасырлардан кейінгі түркі жазбалары, барлық сана-сезім дүниедегі ислам діні қағидаларына тікелей байланысты дамиды.

Ғалымдардың діни оқудың алғаш пайда болған тұсында заманымыздағы озбырлық пен тағылыққа қарсы күрес құралы болғанын, адам баласының бірі мен бірі ағайындай дос, тату-тәтті өмір сүруін, зұлымдыққа ізгілікті қарсы қойып, моральдық уағыздар таратқанын, ал кейін үстем қоғам дінді өздерінің жеке мақсаттары үшін пайдаланып қанау құралына, надандық торына айналдырғанын әр тұста көрсетіп келгені мәлім.

Аталмыш шындықты әрбір көпке мәлім дін жүйелері мен оның қалыптасу, өсу жолдары айқын танытады. Жер жүзі халықтарына ең кең тараған христиан, будда діндері немесе олардан кейінгі ислам діні өздерінің басынан осындай қалыптасу, даму кезеңдерін өтті. Олар әрбір тарихи кезеңде қайта қаралып, жаңа жағдайға сай өзгеріп, ескірген ұғымдары алынып тасталып, жаңадан уағыздармен толықтырылып отырылды. Кейіннен субъективтік идеялары басым рөл атқара бастады. Сөйтіп, дін біртіндеп өзінің ілкі адамгершіл түсініктерінен айрылып, құрғақ схоластикага, соқыр табынушылық құралына айнала бастады.

Діни оқулардың негізін қалаушы пайғамбарлар мен оны ілгері дамьггушылар өз ережелерін кезіндегі адамдардың дүниетаным көзқарастарына сүйене отырып жазған. Олар халық даналықтарын, ой-қиял, сана-сезім жетістіктерін сергек пайдаланған. Фольклорлық табыстар — мифтік, ертегілік образдар, шебер тіркес, шешендік сөз афоризмдер, тосын оқиғалы сюжеттер, асқақ аллегориялар кең қолданылған.

Діни кітаптардың ең ескі түрлерінің өзі осындай қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл оның оқушылары мен тыңдаушыларына әсерін күшейтіп, жан дүниесін, сезім жүйесін дүр сілкінтіп билеп алар қуат берген. Оқуға, ұғуға, жаттауға да жеңілдік жасаған. Яғни жай сөздер жиынтығы болмай, ең әсерлі, қуатты, айшықты сөздермен баяндалып, көркем туынды дәрежесіне көтерілген. Сондықтан болса керек, кейінгі көптеген зерттеулерде әрбір діннің негізі есепті кітаптарды жартылай не түгелдей көркем шығармалар деген қорытындылар ұсынылып жүр. Бұл салада жазылған кітаптар да көп. Христосқа таңылатын «Еван­гелия» туралы жазған ғалымдардың көбі оны өз заманының көркем туындысы деп санайды. Сондай-ақ көптеген Еуропа араб танушылары Мұхамбет пайғамбардан қалған «Құранға» да осылайша баға береді. Мысал үшін ағылшын араб танушысы Гиббтің «Арабтың классикалық әдебиеті» деген (М., 1958) кітабын атауға болар еді. Ол құранды тек дін кітабы ғана емес, соған қоса, тарих, этнография, фольк­лор, философия, жағырапия, экология салаларын қамтитын өз дәуірінің ең көркем туындысы деп атайды.

Ал, Иран әдебиеті тарихын зерттеуші И. С. Брагинский парсы халықтарының көне әдебиеті деп, олардың алғашқы діни кітаптарын талданды. Ғалым біздің жыл санауымызға дейін жүйеленген «Авеста» дін кітабының 17 аяты — йасындары (бөлімдері) түгел дерлік өлең өлшеміндегі көркем сөз ең ескі жазба әдебиетінің туындылары екенін анықтаған. Авеста аяттарын Заратуштре (Зороастр) пайғамбар жазған. Оның мазмұны — өз кезінің адамдарын зұлымдыққа қарсы ізгілік жолында тәрбиелейтін шешен новелла, асқақ эпос, жан-жүйеңді толқытар нәзік лирикаға толы.

Бұл кітапта табиғат, жан-жануар тіршілігі, жер мен аспан иелігі, адам мен жаратушы арақатынасы туралы аңыздар, анайы болжамдар берілген. Адамның жаратушының ең сүйікті құлы екені, оның бойындағы мүмкіншіліктер — ақыл-ойы, өсуі, езгеруі, еңбектенуі, табысқа жетуі т. б. жайлары натуралды түрде жырланады. Мұнда әділ патша билігін аңсау, жақсы өмір, тату-тәтті қарым- қатьшас орнату, ақылмен адал іс қылып, өз еңбегімен күн көру, барлар жоқ-жітікке қарасып қайырымдылық көрсетсе деген сиякды ізгі пікірлер жинақталған. Діни мифтердің қаһармандары көбіне әулие, әмбие, пірлері қолдаган ерекше күш иелері, сол сияқты періште, шайтан, жауыздық пен ізгілік рухтары. Олардың адам мен жарату­шы арасындағы әрекеттері…

Сонымен ғалымдардың пікірінше «Авеста» діни уағыз ғана емес, халықтың мифология, моральдык, философиясы, көркем сөз жинағы да екен. Бір кезде, Гегель Авеста дін уағыздарының маңызын көрсете келіп, оның қарама- қарсы екі күшті — зұлымдық пен ізгілік арасындағы келіспес күресті көрсетуін жоғары бағалаған. Ал Гете өзінің Западно-восточный диван кітабында Авестаның поэтикасын терең танытады. Адамның дүниетанымы тарихында ерекше роль атқарған құдіретті шығарма деген ой айтады. «Жарық» пен «Қарашылық», «Зұлымдық» пен «Ізгіліктің» мәңгі күресте келе жатқанын, бұл күрестің еш үзілмейтіндігін дәлелдеп берген ең алғашқы туынды екенін атап көрсетеді.

Ізгілікті, әділет жолдарын, адамгершілік пікірлерді жүйелеп, бұлардың озбырлық атаулыны жеңетіндігіне сендіруге күш салған, адам баласының өсу жолында оның өз күшіне сеніммен қарауына жол ашқан жарқын пікірлер болды. Аталмыш ізгі пікірлерді іске асыру үшін адам баласының ғасырлар бойғы күрестері оны жеңіске жеткізіп, талай өрлеу, өсу кезеңдерін бастан кешуге душар етті.

Діни мифтердің образдары да өзгереді. Олар аждаһа, шайтандарды жеңетін альш ер, отқа салса жанбайтын, суға батпайтын көзсіз алып батыр — ізгілікті жақтаушылар, мінсіз бейнелер, әділет күрескерлері болады. Көне діни әдебиеттің кейбір новеллаларында қозғалатын тарихи сюжеттер (тарихи адамдар жорықтарына байланысты), мифологиялық қаһармандар жорықтарын (жеті қабат жер асты, тұңғиык, теңіз түбі патшалықтарына) баяндау, алты қат аспан дүниесін алла мен періштелер өлкесін болжап бейнелеу, шайтандық жасап тамұқ азабын тартқандардың аянышты тағдырлары, алланың рахымына ие боп, жұмақтың жаннатында жан рахатын тапқан күнәсіздер, т. б. ғажайып оқиғалар келешек керегіне, творчестволық ойдың өсуіне негіз болады. Кейін дамыған классик әдебиеттердің өркендеуіне жағдай жасайды.

Түр, форма жағынан да діни әдебиеттің кейін дамыған жазба әдебиетке ықпалы тиеді. Фольклорда калыптасқан формаларды діни әдебиет шығармаларьшың да қабылдағаны мәлім. Олар халықтық сатираны, мысқылды, дидактикалық стильді қалыптастырады. Ерлік аңыздардан дін үшін күрескерлер бейнесін жасау ниетіндегі дастандар пайда болады. Жеке «әулие» адамдарды мақтау арқылы мадақ жырлары, әулие-әмбиелердің қазасына байланысты жоқтау жырлары, т. б. дамыды. Әулие де адам болғасын, оның өмірінде сүю, күю деген болмай қалмайды. Сондықтан поэзияға махаббат лирикалары да келмекші. Алып батыр, қаһарлы хан, аяулы ару—бәрі де сүйіктісімен кезігіп, өмір қажетін өтейді. Адам ата мен Хауанадан басталатын екі жыныс арасындағы ғашықтық сезім дүниесі адам баласы өміріне қажет көркем шығарма атаулыға жан бітіріп, көрік беріп отырады. Адамның іс-әрекеттерін әулие-әмбие, тіпті алла тағаланың бойына да таңған пайғамбар авторлар діни еңбектерінде табиғатты, хайуанаттар дүниесін де аттап өтпейді. Осыдан табиғат лирикасының кейбір ілкі көріністері, хайуанаттардың өзара тілдесулерін сипаттайтын мысалдар туады.

Аңыз, ертегі, мифтер — халық творчествосының байырғы жанрлары. Оның қаһармандары халықтың ең күшті поэтикасы арқылы бейнеленеді. Әрбір алып ер, мифтік қаһармандар, мінсіз бейнелер поэтикалық тілдің ең шұрайлы үлгілері арқылы суреттеліп, халықтық тілдің дамуына жағдай жасады. Сөз боп отырған діни кітаптар да өзінің поэтикасымен кейінгі көркем әдебиетке әсерін тигізді.

Діни әдебиеттерде баяндалатын ұлы армандар — мифтік әлемге тән, ешкімнің қолы жетпейтін утопия. Мифтік өмір мен халықтың ақиқат тұрмысының арасы жер мен көктей алшақ. Дін кітаптары уағыздайтын ізгілік атаулының бәрі орындалмас қиял екенін де қалың жүрт санасы өсе келе түсіне бастайды. Жұртшылық пікірі ақиқат өмір мен күнделікті тұрмыс тәжірибесіне сүйенеді. Адамгершіл идеялар тұйыққа тіреліп, әдебиетте сенімсіздік — пессимизм идеясы көріне бастайды.

Жоғарыда баяндалған «Авеста» қағидаларына, Иранның көне әдебиетінің дамуына тән сипаттар басқа да шығыс халықтары поэзиясының қалыптасу заңдылықтарына ортақ. Бұл орайда Орта Азия түркілерінің діни мистикалық әдебиеті өкілдері шығармаларындағы кейбір сарындар негізін танып, дұрыс бағасын беруде жоғарыдағы жайларды ескеру қажет, Әсіресе, IX—XII ғасырлардағы көне әдеби ескерткіштердегі кейбір діни мотивтердің түп-тамырын айқындау үшін мұның маңызы ерекше демекпіз.

Өмірде бірі мен бірі байланыссыз жаралған ешнәрсе жоқ екенін ескерттік. Өнер саласындағы даму заңдылықтары да сондай, өйткені өткені мен жаңасы жалғасып, бірі мен екіншісі ұштасьш, өседі, өзгереді, дамиды. Кейін біз сөз етіп талдағалы отырған орта ғасыр ескерткіштеріне тән құбылыстардың кейбір халық творчествосындағы сю­жет пен көркемдік әдіс-тәсілдеріне сүйенеді, ілкі әдеби туындыларын ілгері жетілдіруге күш салады. Заман ұсынган әлемдік табыстарды игереді. Оны өз халқының игілігіне айналдырады. Елдер, халықтар арасындағы әр түрлі қарым- қатынас олардың жан-жақты дамуына, әсерлі болуына, байланыстар жүйесіне негіз жасайды. Өнер-білім атаулының дамуына да ықпалы болады.

XII ғасырларда әдебиет пен білім әр түрлі салада өркендеді. Әдебиет, тіл, астрономия, арифметика, тарих және басқа ғылым өнер-білім салаларының осы кез туындылары болтаны — бұған айғақ. Мысалы, орта ғасырларда Мухам­мед ибн Муса әл-Хорезми, Әбунасыр әл-Фараби, Ибн Си- на, Әбу Райхан әл-Бируни және де басқа көптеген жан-жақты білімдар ғалымдар шыққан. «Китоб-маориф», йКитоб-үш-Шеһр» еңбектерімен мәлім болған Абдулла ибн Мусалим Марвази, «Зайнул ахборымен» аты шыққан Әбусаид, көп томды кітап авторы Әбульфазыл Байхаки, «Бухара тарихын» жазған Наршахи, «Түркістан мемлекетінің тарихы» берген Мажиддин Мухамед сияқты тарихшылардың да осы тұста даңқы тарап, мәлім болған.

Қазақ мәдениеті тарихы үшін, әсіресе, «Қорқыт ата кітабы» мен Әбу Насыр әл-Фарабидің орны бөлек. Бұл сияқты оғыз-қыпшақ мәдениетінің өрлеу дәуірінің тамаша куәларын жалпы шығыс ренессансы кемеңгерлеріне ұштастыра қарастыру орынды. Әсіресе, Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашқари есімдері әл-Фарабиді жалғастырып жатқан тарихи тұлғалар. Аталмыш авторлардың жазба мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестері де орасан.

Әдебиеттер:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

  1. 6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б
  2. 7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *