МЕТАТЕЗА
Метатеза (грек. metathesis — алмастыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын алмастырып айтылуы. Мысалы: тепкі-текпі, қақпан – қапқан, әпке – әкпе, айналу – айлану. Метатеза құбылысы айтуды жеңілдетуден туындаған. Метатезаға көбіне қатар келген пк, пқ дыбыстары ұшырап, кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады. Мәселен, әпке – әкпе, шапқыла – шақпыла. Метатеза құбылысы дублет сөздердің туындауына әкеліп соғады. Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңіндегі «Сені көлден айырған, Лашын құстың текпіні. Мені елден айырған, хан Жәңгірдің екпіні» деген жолдардағы метатеза өлең ұйқасы үшін алынып отыр.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.