ЛИТОТА
Литота (грек. litotes – қарапайым) – сөз мәнерлігін күшейту үшін, белгілі бір затты, құбылысты, мейлінше кішірейтіп, әлсіретіп көрсететін сөз қолданысы. Литота әсірелеуге (гипербола) қарамақарсы көріктеу құралы болып табылады. Темір таяқ тебендей, темір етік теңгедей, бетегеден биік, жусаннан аласа, қойдан жуас деген тіркестер мысал бола алады. Кемсіту, төмендету мақсатында антонимдерді болымсыз мәнді сөздермен бірге қолдану тәсілдері де литотаға жатады. Мысалы: жақсы деудің орнына жаман емес, оңай деудің орнына қиын емес құрылымын пайдалану арқылы да литота құбылысы жасалады.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.