ГОЛДСТОУНДЫҚ БОЗОН

ГОЛДСТОУНДЫҚ БОЗОН – массасы нөл және спині нөл болжалдық бөл- шек. 1961 жылы американ физигі Джеффри Голдстоун (1933 – ?) ұсынған. Бұл бозон айныған төменгі (вакуумдық) энергетикалық күйлердің үздіксіз жиын- тығын қамтыған теория бойынша, симметрияның өздігінен бұзылуы кезінде кванттық өріс жүйесінде қоздыру кванты ретінде пайда болады. Голдстоундық бозондардың пайда болуы және жұтылуы осы жиынтық күйлердің арасындағы ауысулармен қабаттасып өтеді. Сол себепті әртүрлі вакуумдық күйлер голд- стоундық бозондардың санымен ерекшеленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *