ГЛЮОНДАР

ГЛЮОНДАР (ағылшынша «glue – желім») – спині 1 және тыныштық массасы нөл (яғни тыныштықта массасы болмайтын) болатын кварктер арасында күшті өзараәсерлесулерді тасымалдағыш болып табылатын болжалды электрлік бейтарап бөлшектер. Күшті өзараәсерлесудің осы заманғы теориясында – кванттық хромодинамикада «түс» кванттық сипаттамасын иемденген сегіз глюон бар деп жорамалданған. Кварктер арасында глюондар алмасу кварктердің «түстерін» өзгертеді, бірақ та өзге кванттық сандарды (электр зарядын, ғажаптықты, «таңырқарлықты», «сұлулықты») өзгеріссіз қалдырады, яғни кварктік типті «хошиісті» сақтайды. Глюондар «түске» ие болғандықтан, бұлар глюондар (глюондық өрісті) тудырып әрі жұтып, бірімен-бірі тікелей өзараәсерлесе алады. Глюондар ғылыми тәжірибе жүзінде онша серпімді емес үрдістерде білінеді. Тыныштықтағы протонның барлық энергиясының 50%-ы глюондар үлесіне тиесілі. «Түстерді» ұстау салдарынан глюондар бос күйінде кездеспейді, мыса- лы, мезондарды құратын кварк пен антикварктің аннигиляциясы кезінде туа- тын глюон адрондық ағынға айналады. Глюондар бос күйінде бола алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *