
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық, қызметін, көркем шығарманы талдаудың принсптері пен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады
Оқырман бір роман оқыды. Кітаптың кей жеріне қызықты, кей жерінен жалықты. Бір алуан беттер оны әртүрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да ойландырды… Сонымен, ол әлгі ромаңды оқып бітірді. Соңғы бетін жапты. Ал қалай екен?! Роман ұнады ма, ұнамады ма?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бір жағынан, тіпті ойланудың керегі жоқ; ұнады не ұнамады дей салуға болады. Екінші жағынан, неге ұнағанын немесе неге ұнамағанын айту үшін ойланбауға тіпті де болмайды. Жә, оқырман ойланды делік: роман несімен ұнады немесе неменеге ұнамады? Бұл қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманның әдеби сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік, эстетикалық талғамы қай дәрежеде? Әлгі оқығанының байыбына бара ала ма? Сол роман дегеніңіздің өзі не, ең болмаса соны біле ме?..
Шын мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі – бүкіл қоғамның рухани өміріндегі, белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат әлеміндегі бүтін бір оқиға. Міне, гәп осы арада!.. Роман тәрізді күрделі, кесек шығарма туды ма, онда біздің мәдени тіршілігімізде бір мәнді, маңызды оқиға болып өтті деп білу керек. Романның байыбына бару деген дәл осынау, болып өткен мәнді, маңызды оқиғаның байыбына бару деген сөз.
Әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз заманыньщ талабы дәрежесінде өзінің эстетикалық талкімын кдлыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, өдебиет теориясы керкем творчествоньщ психологиясы мен спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты меліметтер берері даусыз.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары әншейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, пайымдау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін- тұжырымдар.
З.ҚАБДОЛОВ