Элегия ( грекше – elegos – мұң). XVIII ғасырдың аяқ кезі XIX ғасырдың бас кезінде пайда болды. Элегия – өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін, т.б.) суреттеген шығармалар. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды, сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды.
Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезі – XIX ғасыр. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың ескі феодалдық өміріне өзгеріс кіре бастағанда кей қазақ ақындарының ішінде Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ