Ода

Ода (грекше – ödeән, жыр) – XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың негізгі бір түрі. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода деп атайды (әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам, т.б.). Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин, т.б.

Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *