
ГРАДАЦИЯ
Градация (лат. gradatio – дамыту, үдету) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу. Бұл көркемдік тәсіл арқылы шығармадағы жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдер іріктеліп шығады, ой-пікір өткір, әсерлі болып айтылады, әрі мағыналық өрісі кеңейеді.
Мысалы:
Сары ала туы салбырап, Қабағы тастай түйіліп, Аллалап Тарғын шабады. Ай бетіне кіреді,
Күн бетінен шығады. Қойға тиген бір бөрі Бөріктіре қырады.
Талай қалмақ құлады, Ер қайратын сынады.
Сүйіп мінген Тарланға
Басты келіп дойырды,
Тарлан салды мойынды,
Толып жатқан қалмаққа
Тарғын салды ойынды,
Талай қалмақ жойылды («Ер Тарғын»).
Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1998.