ВУЛЬГАРИЗМ
Вульгаризм (лат. vulgaris — анайы, дөрекі) – әдеби тіл қабылдамайтын дөрекі, қарапайым сөздер мен сөйлемдер. Мысалы: қортық, жаман неме, шүйкебас. Бұл сөздер негізінен ауызекі сөйлеуде әлі күнге кездесіп жатады. Вульгаризмдерді көркем әдебиеттен де диалог барысында кездестіруге болады. Автордың кейіпкердің бейнесін аша түсу үшін немесе ел суретін, адамдардың тұрмыс жайын суреттеуде вульгаримдерді қолдануы нормадан ауытқуға жатпайды. Мысалы: Өй, арам без!; Өй, бұралқы; Ойбой, сорлылар-ай; көп оттап; не оттап отырсың? (Ж.Аймауытұлы).
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.