
ВОЛЬТ (В, V) – электр кернеуінің, электрқозғаушы күштің (ЭҚК), электр потенциалдар айырымының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Итальян физигі Александр Вольтаның (1745–1827) құрметіне аталған.
1В – электр тізбегінде 1 Вm қуат жұмсалған кезде 1 А тұрақты ток күшін тудыратын электр кернеуі. 1 В – 1 Дж потенциалдық энергиясы болатын 1 Кл электр заряды орналасқан нүктедегі электр өрісінің потенциалына тең. 1В = 108/с = СГСЭ бірлік =1/300 СГСЭ бірлік = 108 СГСМ бірлік (мұндағы с – вакуумдағы жарық жылдамдығы).