
ВИДЕМАН ЭФФЕКТІСІ – ұзын бойлық магнит өрісінде орналастырылған электр тогы өтіп тұрған ферромагниттік шыбықта бұралу деформациясының пайда болуы. 1858 ж. неміс физиктері: Густав Видеман (1826–1899) мен Р.Франц ашқан. Видеман эффектісі бойлық магнит өрісі мен электр тогы тудыратын дөңгелек магнит өрісінің қосылуынан туындаған өрісте магнитстрикцияның пайда болуы болып табылады. Егер электр тогы (немесе магнит өрісі) айнымалы болса, онда шыбықта бұралу тербелісі қоздырылады.