
ВИДЕМАН-ФРАНЦ ЗАҢЫ – металдар үшін жылуөткізгіштік коэффициен- тінің (ߵ) меншікті электрөткізгіштігіне (ϭ) қатынасы бірдей температура кезінде тұрақты болатынын тұжырымдайды: яғни ߵ/ϭ = const. Бұл заңды 1853 ж. неміс физиктері: Густав Видеман (1826 – 1899) мен Р.Франц ғылыми тәжірибе негізінде тұжырымдаған. 1881 ж. дат физигі Людвиг Лоренц (1829–1891) ғылыми тәжірибе жүзінде бұл қатынастың температураға (Т) пропорционал болатынын анықтаған: ߵ/ϭ = LТ, мұндағы L – Лоренц саны, бұл сан іс жүзінде барлық металдар үшін бөлме температурасында және одан да жоғары температура (Т) кезінде бірдей болады. Видеман – Франц заңын алғаш рет 1902 ж. неміс физигі Пауль Друде (1863–1906) түсіндірген. Ол металдағы электрондарды газ ретінде қарастырған және оған газдардың кинетикалық теориясының әдістерін қолданған (металдардың электрлік және жылуөткізгіштігі негізінен еркін электрондардың қозғалысынан пайда болады).