
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ, фотолюминесценцияның шығымының (шығуының)
қоздырушы жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігін айғақтайды. Бұл заң бойынша қоздырушы жарықтың ұзын толқынның кең аймағында фотолюминесценцияның кванттық шығымы тұрақты болады және люминесценцияның максимум спектрі (антистокстық қоздыру) байқалатын кездегіден кенет азаятын (төмендейтін) болады. Жарықтың кванттық табиғатымен байланысқан Эйнштейннің фотохимиялық реакциясының кванттық шығымы туралы заңына ұқсас. Бұл заңды 1927 ж. кеңестік физик Сергей Вавилов (1891–1951) ашқан.