БҰРЫШ

БҰРЫШ, ф и з и к а д а ғ ы – бір нүктеден таралатын
Бұранда ережесі. екі сәуленің немесе бір сәуленің өзгедей нысандарға
[мысалы дене (зат) бетіне тұрғызылған перпендикуляр] қатысты тұрғызылған перпендикуляр (немесе өзгедей сипатты) сызық арасында пайда болатын бұрыш.
Атака бұрышы, ентелеу бұрышы – сұйық немесе газда (ауада) ілгерілемелі қозғалатын дене жылдамдығы мен осы денемен (мыс., ұшақ қанатының хордасымен) байланысты кез келген бағыттағы жылдамдық бағыттарының арасындағы бұрыш.
Брюстер бұрышы – диэлектрикке түсетін жарықтың одан шағылысқан кезінде түгелдей (тұтастай) полярлануға ұшырайтын бұрышы. Бұл бұрышты 1815 ж. шотланд физигі Дэвид Брюстер (1781 – 1868) ашқан.
Көру бұрышы – заттың немесе оның кескінінің жиек (шеткі) нүктелерінен шағылысып келетін сәуленің көз қарашығының ортасында түйісетін (шоғырла- натын) бұрышы.
Мах бұрышы – Мах конусын жасаушы сызықтар мен конус осінің арасындағы бұрыш. Бұл бұрыш австриялық физик Э.Махтың (1838 – 1916) құрметіне аталған.
Сыну бұрышы – толқынның екі ортадан өтуі кезінде оның таралу бағыты мен екі ортаның ажыратылу бетіне тұрғызылған перпендикуляр сызықтың бағыты арасында пайда болатын бұрыш.
Түсу бұрышы – толқынның ортаға (немесе дене бетіне) түсетін бағыты мен екі ортаның ажыратылу бетіне тұрғызылатын перпендикуляр сызықтың бағыты арасында пайда болатын бұрыш.
Шағылысу бұрышы – шағылысушы толқындардың таралатын бағыты мен осы толқындарды шағылыстыратын екі ортаның ажыратылу бетіне тұрғызылған перпендикуляр сызық бағытының арасындағы бұрыш.
Шашырау бұрышы – шашыратылуға ұшыратылатын бөлшектердің бастапқы және соңғы импульстерінің векторлары бағыттарының арасында пайда болатын бұрыш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *