
БҰЛДЫР ОРТА – жарықты шашырауға ұшырататын оптикалық біртексіз орта. Оптикалық біртексіздік бір затқа өзге екінші бір заттың [бұлт, тұман, түтін, эмульсия] енуі және жылулық қозғалыстың салдарынан тығыздықтың кездейсоқ ауытқуы (флуктуациясы) мен анизотропиясына байланысты тууы мүмкін. Осы жайт сыну көрсеткіші қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен өзгеше болатын микроаймақтардың пайда болуына әкеп соқтырады. Жалпы жағдайда бұлдыр ортаның сәуле шығаруы, шашыратуы реттік шашыратылуы жұқа оптикалық қалыңдық кезінде байқалады. Бір реттік және көптеген рет жарықтың шашыратылу заңдылықтарының арасында маңызды айырмашылықтар бар. Көптеген реттік шашыратылу оптикалық қалындыққа тәуелді.