БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ – кез келген материя бөлшектерінің арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Бұл заң Исаак Ньютонның (1643–1727) 1687 ж. жарияланған «Натурал философияның математикалық бастамасы» деген ғылыми еңбегінде баяндалған. Осы заң массалары m1 және m2 екі материалдық бөлшектер бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың арақашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады деп тұжырымдалған:
F=G ௠భ௥మ௠మ, мұндағы G = 6,67 45(8)·10–8 см3/r·c2=6,6745(8)·10–11 м3/кг·с2 – гравитациялық тұрақты.
Айдың, Жердің, планеталардың Күнді айнала қозғалуын зерттеу нәтижесінде И.Ньютон ашқан бұл заң табиғаттағы бүкіл денелерге, олардың барлық бөліктеріне тура. Бұл заң аспан денелерінің қозғалысы жайындағы ғылым – аспан механикасының негізі болып саналады. Осы заң арқылы аспан денелерінің қозғалу траекториясы және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Уран планетасының осы заң бойынша есептелген орбитасынан ауытқуы бойынша 1846 жылы Нептун планетасы ашылды. 1930 жылы Плутон планетасы да осындай тәсілмен белгілі болды. Бұл заңды қос жұлдыздарға, шал- ғайдағы галактикаларға да пайдалануға болатындығы айғақталды. 1916 жылы жалпы салыстырмалық теорияның ашылуы нәтижесінде тартылыс күшінің табиғаты бұрынғысынан әрі айқындала түсті. Өте ұсақ бөлшектерден құралатын микродүниедегі
(атом, атом ядросы, қарапайым бөлшектер, Алма мен Ай бір заңға бағына ма? т.б.) құбылыстарда осы заңының әсері сезілмейді. Өйткені онда күшті, әлсіз және электрмагниттік өзараәсерлесу тәрізді өрістік әсерлесудің басқа түрлері басым болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *