
БІРДЕЙ КӨЛБЕУЛІКТІ ЖОЛАҚТАР – тұрақты қалыңдықты мөлдір қабатты параллель емес монохроматты сәуле шоғымен жарықтаған кезде экранда пайда болатын, кезектесе алмасатын жарық және күңгірт жолақтар жүйесі. Жолақтың әрқайсысы қабаттың бетіне бірдей бұрышпен (φ) түсетін S және S1 жарық сәуледен пайда болады (сызбаға қараңыз). Бірдей көлбеулікті жолақ пластиканың алдыңғы (үстіндегі) және артқы (астыңғы) шекараларынан шағылысуынан туған жарық
Бірдей көлбеулікті жолақты байқау сұлбасы. Бірдей бұрышпен пластинаға түсетін S және s′ сәулелері линза арқылы бір нүктеде (0) жинақталады. Бірдей бұрышпен түскен сәуле (мысалы, S′) линза арқылы басқа бір нүктеге
(0′-ге) жинақталады
интерференциясынан пайда болады. Бұл жолақ шексіздікте шектелген. Бірдей көлбеулікті жолақты байқау үшін интерференциялаушы сәулелер линза (L) арқылы экранда (Э) немесе фотопластикада жинақталады.