
БРЭГГ – ВУЛЬФ ШАРТЫ, рентген сәулесінің дифракциялануы кезінде кристалдардан серпімді шашырауының қарқындылығының максимумдарының пайда болуы мүмкін болатын бағыттарын анықтайды. Бұл шартты 1913 ж. ағылшын физигі Лоуренс Брэгг (1890 – 1971), кеңес кристаллограф Георгий Вульф (1863 – 1925) біріне-бірі тәуелсіз ашқан.
Егер кристалл бір-бірінен d қашықтықта орналасқан атомдық жазықтар жиынтығы ретінде қарастырылатын болса, онда сәуленің дифракциясын әлгіндей жазықтықтар жүйесінен шағылысу ретінде қарастыруға болады. Қарқындылықтың максимумдары (дифракциялық максимумдар)
барлық атомдық жазықтықтар шағылыстырған бағыттардағы толқындар бір фазада болғанда, яғни бастапқы сәулеге 20Ԃ бұрыш жасап түскенде Брэгг-Вульф шарты орындалады: көрші жазықтардан шағылысқан сәулелер аралығындағы екі бұрыштың айырымы 2dsinԂ -ға тең болғанда бүтін санға толқын ұзындығына λ еселі болады: 2dsinԂ =mλ (мұндағы m – шағылысу реттілігі) деп аталатын бүтін оң сан; d – атомдық жазықтықтар арасының қашықтығы, Ԃ – сырғанау бұрышы, яғни шағылыстырушы жазықтық пен оған түскен сәуле арасындағы бұрыш, λ – рентген сәулесінің толқын ұзындығы. Брэгг – Вульф шарты рентген сәулелері үшін ғана емес, γ – сәулелерінің, электрондардың, протондардың және нейтрондардың дифракциясы кезінде де орындалады.