
БРОУНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС – сұйық немесе газ ішіндегі өте ұсақ қалқыма бөлшектердің, өзін қоршаған орта молекулаларымен соқтығысуы нәтижесінде пайда болатын ретсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты алғаш рет 1827 ж. ағылшын ботанигі Роберт Броун (Браун) (1773 – 1858) ашқан. Ол микроскоп арқылы ғана көрінетін (диаметрі ~10–6м шамасындағы) бытыраңқы бөлшектердің дамылсыз, кез келген бағытта қозғалыста болатынын байқаған. Бұл қозғалыс ортаның тегіне де, ешбір сыртқы себепке де байланысты болмайды. Бөлшек неғұрлым ұсақ болса, ол
Әртүрлі үш бөлшектің судағы
солғұрлым жылдамырақ қозғалады. Ортаның броундық қозғалысы.
тұтқырлығы кеміп әрі температурасы артқан сайын Броундық қозғалыстың қарқындылығы да артады. 1905 – 06 ж. А.Эйнштейн, поляк физигі Мариан Смолуховский (1872 – 1917) және француз физигі Жан Перрен (1870 – 1942) жүргізген зерттеулердің нәтижесінде ғана Броундық қозғалыстың атомдар мен молекулалардың жылулық қозғалысынан туындайтындығы дәлелденіп, оған молекула-статикалық тұрғыдан дұрыс түсінік берілді. Сұйықтағы немесе газдағы
Газ молекулалары жылдамдықпен кез
келген бағытта үздіксіз қозғалыста бөгде бөлшек, аз ғана уақыттың ішінде өзін болады. қоршаған орта молекулаларымен орасан көп соқтығысып үлгереді (шамамен секундына 1014 рет соқтығысады). Егер бөлшек едәуір ірірек болса, оның жан-жақтан алған соққылары бірін-бірі теңгереді. Бөлшектің мөлшері ұсақ болса, өте аз уақыт ішінде статикалық тепе-теңдіктің бұзылуы мүмкін, яғни бөлшектің бір жақтан қабылдаған соққысы (соққының саны немесе оның шамасы) басым болуы мүмкін. Осындай теңгерілмеген соққы бөлшекті қозғалысқа түсіреді.