
Шешу (орысша – развязка). Шығармаларда суреттелетін адамдардың амал, іс-әрекет, қарым-қатыстары дамиды, өзгереді, сан-алуан оқиғалар болады, ақыры келіп бір нәрсемен тынады. Қатысушылар күрестартыстардың, қарым-қатыстардың нәтижесінде келіп, кейбіреулері көздеген мақсаттарына жетеді, қайсы біреулері апатқа ұшырайды, кейбіреулері өзара жаңаша байланыста болады. Шығарманы оқып отырғанда білсем деген сұрауларына оқиға аяқталғанда ғана адам толық жауап алады. Шығармадағы суреттелген оқиғаның, қатысушылардың тартыстарының немен тынғандығын баяндау шешу (развязка) делінеді.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ