БЕТТІК ЭНЕРГИЯ

БЕТТІК ЭНЕРГИЯ – екі фазадағы молекулааралық өзараәсерлесулердің фаза айырмашылықтарының (денедегі заттар энергиясымен салыстырғанда) болуы себепті ажыратылу шекарасындағы беттік қабаттың артық энергиясы. Ажыратылу бетінің артуы кезінде, яғни (атомдар) молекулаларын беттік қабатқа ауыстыру кезінде ажыратылу шекарасында молекулааралық өзараәсерлесу күшінің меншікті еркін беттік энергиясына (ν) тең есесі қайтарылмаған күшке қарсы жұмыс жасалады (сұйық беттер үшін бұл энергия беттік керілуге пара-пар).
Беттік еркін энергия Т артқанда сызықтық тәуелділік бойынша кемитін болады, толық беттік энергия температуралық инвариант (өзгермейтін) болып табылады, бірақ полярланған сұйықтар үшін әлгі энергия диссоциация (ыдырау) есебінен біраз артады. Кризистік температура Ткр маңайында көршілес көлемдік фазалардың қасиеттерінің айырмашылығы беттік еркін энергия температурасы мен кризистік температура өзара тең болған кезде жойылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *