
БАР (грекше «барус – ауырлық»), бар – 1) қысымның жүйеден тыс бірлігі; 1бар=105Па=106дин/см2=0,986923атм; 1мбар=103 дин/см2=986923·10–3 атм=0,75 мм сынап бағаны. 2) СГС бірліктер жүйесіндегі қысымның бірлігі. 1Бар = 1дин/см2. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған. Бұрын Бар көбінесе метеорологияда қолданылған-ды.