
БАРНЕТТ ЭФФЕКТІСІ – ферромагнетиктердің магниттік өрісінің әсер етпейтін кезінде өз осінен айналдырғанда магниттелу құбылысы; бұл құбылысты 1915 ж. американ физигі Сэмуел Барнетт (1873 – 1956) ашқан. Магнетикті айналдырған кезде гироскоптық момент пайда болады, осы момент атомдардың спиндік немесе орбиталық механикалық моменттерін магнетиктің айналу осінің бағыты бойынша бұруға әрекеттенеді. Атомдардың механикалық моментімен олардың магниттік моменті байланысқан, сол себепті айналу кезінде айналу өсі бойымен магниттік моменттің құраушысы пайда болады.