АРХАИЗМ

АРХАИЗМ

Архаизм (грек. archaios — ежелгі, көне) — жаңа сөздермен немесе ұғымдармен алмастырылуына байланысты қолданыстан шығып қалған сөздер. Бір қарағанда тіл артық – ауыс, қажетсіз сөздерді аяусыз өзгертіп, жойып отыратын түрленуге бейім жанды құбылыс ретінде көрінуі мүмкін. Алайда, сөздер қолданыстан шығып,  ұмыт қалғандай көрінгенімен уақыт өте келе сол тілді тұтынушылармен қайта қауышып, өз қызметін атқаруға кіріседі. Бұл қызмет архаизмдерге де тән. Архаизмдер біздің тіліміздің толыққанды және алып тастауға келмейтін бөлігі. Архаизмдерге ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Мысал ретінде бар сана – барсаңшы, айт сана – айтсайшы, ту – байрақ, желек – орамал, көкек – сәуір сөздерін келтірейік. Архаизмдердің қазіргі қазақ тілінде синонимдерін, баламаларын табуға болады. Алайда қазіргі синонимдерінен архаизмдер лексикалық мағынасы жағынан, грамматикалық құрылымы жағынан, морфологиялық құрамы жағынан, фонетикалық өзгерістері тұрғысынан ерекшеленуі  мүмкін. Архаизмдер мен тарихи сөздер  көркем әдебиетте елдегі тарихи ахуалды беру үшін, халқымыздың ұлттық-мәдени салтдәстүрлерін си паттау үшін қолданылады. Қай халықтың болмасын  көркем әдебиеті мен негізгі сөздік қорында архаизмдер кездеседі. Архаизмнің көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалатынын айта келіп, ғалым М.Әуезов «Тіл және әдебиет мәселесі»  атты мақаласында  өзбек, татар, араб, иран тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Р.Сыздық сөздік қорда мағынасы көпшілікке тегіс түсінікті бола бермейтін топтардың бар екенін айта келіп, ол топтарға архаизм деп аталатын көне сөздерді жатқызады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай aрхаизм сөздер (көне сөздер) және тарихи сөздер (историзмдер) болып екі топқа бөлінеді. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалған сөздер – архаизмдер деп аталады.Ұлт тарихындағы өзгерістерге байланысты көнерген сөздер  ішінара жаңа мағына алып, сөз дік құрамдағы актив сөздердің үйіріне қайтадан қосылып отыр. Мәселен: жасақ деген сөзді қайтадан қолдану нәтижесінде жасақ, жасақшы деген жаңа сөз қалыптасты. Төре деген архаизм сөзден төреші (арбитр) төраға, төралқа деген жаңа сөздер туып, қолданысқа енді. Демек, ескірген, көнерген (архаизм) сөздер де қоғам дамуының тарихи өзгерістеріне бейім тілдік қажетсіну талаптарына сәйкес өзгеріске ұшырап отыратын лексика — семантикалық құбылыс болып табылады. Кей архаизмдер  қазіргі таңда тілдегі синонимдерімен алмастырылып, көнерген сөздердің қатарына енсе, кей архаизмдердің бұрынғы мағынасы сақталғанымен, сөз жасау құрамы, дыбыстық құрамы өзгеріске ұшырайды. Семантикалық архаизмдерге қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген мағынасында  қол данылатын сөздер жатады. Көркем әдебиетте архаизмдер сол дәуір тарихын әсірелеу үшін, публицистикалық жанрларда сөзге сал танаттылық беру, тыңдаушыларға қобалжытарлықтай әсер ету үшін, фельетон, памфлеттерде әжуалағанда күлкі шақыру үшін, драматургияда кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін қолданылады. Қорыта айтқанда, көркем әдебиетте кейіпкер тілінің әрлілігін арттыру үшін және өткен заман болмысын айқын таныту үшін стилистикалық тәсіл ретінде қолданылатын, қазіргі кезде басқаша айтылатын баламалары бар, лексика, грамматика салаларының қай-қайсысында болсын кездесетін сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көнерген сөздер мен сөз тіркестерін архаизмдер дейміз.

Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *