БАЛҚУ

БАЛҚУ – заттардың кристалдық (қатты) күйден сұйық күйге ауысуы. Осы ауысу кезінде жылу жұтылады (І текті фазалық ауысу). Таза заттардың балқуының басты сипаттамасы балқу температурасы (Тбалқу). Балқу температурасы сыртқы қысымға
(р) тәуелді; таза заттардың күй диаграммасында бұл тәуелділік қатты және сұйық фазалардың балқу қисық сызығымен (АD немесе АD′) бейнеленген (1-сызбаны қараңыз). Қорытпалар мен қатты ерітінділердің балқу температурасының белгілі бір аралығында (бұған тұрақты балқу температурасы болатын қорытө па – эвтектика жатпайды) ғана балқиды. Қорытпалардың құрамдарының берілген қысымдағы балқу температурасының басталуы мен аяқталуының тәуелділік күй диаграммасында арнайы сызықтармен бейнеленген [ликвидус (L) және солидус
1-сызба. Таза заттың күй диаграммасы
(р – қысым, Т – температура). АD және (S) сызықтары] (2-сызба).
АD’ – балқу сызықтары, АD’ – сызығымен Балқу кезінде заттардың физикалық аномальды өзгерісі болатын заттар балқиды.
А – үштік нүкте; В – кризистік нүкте қасиеттері өзгеріске ұшырайды: эн-
тропиясы артқанда, кристалдық тор құрылымының реттілігі бұзылады; жылу сыйымдылығы артады; электрлік кедергі және жартылайөткізгіштер өзгереді. Балқу кезінде жылжу кедергісі нөлге дейін кемиді, дыбыстың таралу жылдамдығы төмендейді, т.б.
Балқу молекулалық-кинетикалық түсініктерге сәйкес былай жүзеге асады. Кристалдық денеге жылу берілгенде оның атомдарының тербеліс энергиясы (тербелістер амплитудасы) артады, 2-сызба. Жүйе күйінің диаграммасы (Сu –
Ni). Сұйық ерітінді ликвидус (L) сызығынан
осының себебіен дененің температура- жоғарыда – тұрақты, солидус (S) сызығынан сы көтеріледі де, кристалдарда әртүрлі төменде – қатты; L және S сызықтарының
аралығында қатты және сұйық фазалар
кемтіктердің [кристалдық торлардың аймағы шектелген.
толтырылмаған түйіндері (тораптары)
– вакансиялар] пайда болуына ықпал етеді. Ақаулардың біртіндеп артуы және олардың бірігуі балқу алдындағы кезеңді сипаттайды. Балқу температурасына (Тбалқу) жеткен кезде кристалдардағы ақаулардың кризистік шоғырлануы пайда болып балқу басталады – кристалдық торлар оңай қозғалатын субмикроскоптық аймақтарға ажырайды. Балқу кезінде берілетін жылу денені қыздыруға жұмсалмайды, тек атомаралық байланыстарды үзуге және де кристалдардағы алыс реттілікті жою үшін ғана жұмсалады.
Табиғатта балқу үрдісінің (Жер бетіндегі қар мен мұздықтың еруі, Жер қойнауындағы минералдардың еруі), ғылым мен техникада (таза металдар мен қорытпалар өндіруде, т.б.) маңызы зор.
с.а.с. Металлургтер руданы балқытып металл бөліп алады. Қыздыру кезінде
металдан кристалдық торлары бүлініп, яғни балқып ағатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *